Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатынан тапқан табыстары белгілі болды
Қазақстанның бокс құрамасы Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Бұған дейін әйелдер құрамасының жүлделік сыйақысы жарияланған еді. Олар 10 медаль еншілеп, жалпы сомасы 50 мың долларды (шамамен 25,457 миллион теңге) құрайтын сыйақы алды.
Ерлер құрамасы да осындай жетістікке жетіп, 10 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 5 күміс және 1 қола. Чемпиондар үшін әр алтын медаль 8 мың доллармен (4,073 миллион теңге), күміс жүлде 4 мың доллармен (2,086 миллион теңге), ал қола 2 мың доллармен (1,043 миллион теңге) бағаланды.
Азия чемпиондары қатарында Махмұд Сабырхан (54 кг), Бекзад Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг) және Айбек Оралбай (92 кг-нан жоғары) бар. Әрқайсысы алтын медаль үшін 8 мың доллардан сыйақы алды. Күміс жүлдегерлер — Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг) — 4 мың доллардан табыс тапты. Ал жалғыз қола жүлдегер Ерасыл Жақпеков (80 кг) 2 мың доллар сыйақыға ие болды.
Ерлер құрамасының жалпы сыйақысы 54 мың долларды құраса, әйелдер құрамасымен бірге Қазақстанның жалпы табысы 104 мың долларға (шамамен 54 миллион теңге) жетті.
Футбол
Бүгін 02:31
Футбол
Бүгін 02:12
ММА
Бүгін 01:34