locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшылар жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшылар жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Аль-Айн қаласында (БАӘ) жасөспірімдер арасындағы бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы үздік нәтиже көрсетіп, тоғыз салмақ дәрежесінде финалға жетті. Бұл жөнінде Olimpic.kz хабарлады. Финалистер қатарында:

- 35 келіге дейін: Абылай Досымбеков
- 40 келіге дейін: Бекхан Оразбаев
- 43 келіге дейін: Жұмағали Нұрмұхан
- 46 келіге дейін: Амир Мұхит
- 52 келіге дейін: Нұрислам Оңалбек
- 55 келіге дейін: Әбдімансұр Жақсылық
- 61 келіге дейін: Әлиимран Әлиев
- 64 келіге дейін: Төрехан Қанатбай
- 70 келіге дейін: Мансұр Амантай

Сондай-ақ, Әли Әбдікамал мен Жадігер Мусрали қола медальдармен марапатталды.