locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық боксшылар World Boxing аясында өтетін ӘЧ-де бақ сынайды

Фото: Meta-ratings.kz
Қазақстандық боксшылар World Boxing аясында өтетін ӘЧ-де бақ сынайды

19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Әлем чемпионаты 26 қазанда басталады. Бұл жолы турнир алғаш рет World Boxing Халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен өтеді. АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтетін сайысқа әлемнің 30 елінен 180 спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы бұл додаға тұңғыш рет қатысқалы отыр. Ел намысын төрт боксшы қорғайды: Ерасыл Аманғалиев (55 кг дейін), Асылхан Күшербай (65 кг дейін), Диас Серікұлы (70 кг дейін) және Даниял Райымбеков (85 кг дейін).

Айта кетейік, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық федерация.

Бұған дейін Наоя Иноуэ мен Сэм Гудман арасындағы жекпе-жек 24 желтоқсанға жоспарланғаны жайлы хабарланған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie