Қазақстандық боксшылар WBA жаңартылған рейтингінде өз позицияларын нығайтты
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерін жариялады.
Аса ауыр салмақта Иван Дычко өз орнын сақтап, 14-ші орында қалды. Бұл рейтингтің көшбасында Мартин Баколе (Конго ДР), Тайсон Фьюри (Ұлыбритания) және Майкл Хантер (АҚШ) тұр. WBA чемпиондық титулы осы салмақта украиналық Александр Усикке тиесілі.
Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет бір орынға төмендеп, тоғызыншы орынға жайғасты. Қазан айында Нұрмағанбет АҚШ-та өткен бокс кешінде мексикалық Хоакин Муррьету Лусионы екінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Бұл салмақта рейтингтің көшін Кристиан Мбилли бастаса, одан кейін гватемалалық Лестер Мартинес пен мексикалық Хайме Мунгия орналасқан. WBA суперчемпионы — мексикалық Сауль “Канело” Альварес.
Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде 11-ші орында тұр. Жанқош Тұраров WBA Gold титулына ие. Бұл салмақта рейтингті жапондық Энди Хираока бастап тұр, одан кейін американдық Кеннет Симс Жуниор және үшінші орында мексикалық Исаак Круз орналасқан.
Сұлтан Заурбек екінші жартылай жеңіл салмақта бір орынға көтеріліп, үшінші орынға шықты. Одан жоғары орындарда грузин Отари Эраносян мен әзірбайжандық Эльнур Самедов тұр. Бұл салмақтағы WBA әлем чемпионы — АҚШ-тан Ламонт Роуч Жуниор.
Футбол
Кеше 23:18
Футбол
Кеше 17:01
Хоккей
Кеше 10:59