locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық боксшылар рингке шықпай Будвада өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық боксшылар Будвада өтіп жатқан Әлем чемпионатының келесі кезеңіне жекпе-жексіз өтті
ФОТО: KBF

Будвада бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталды.

Таңғы сессияда рингке шығуға тиіс болған екі қазақстандық боксшы жұдырықтаспай-ақ келесі кезеңге өтті. 51 кг салмақ дәрежесінде Бексұлтан Боранбектің Зимбабве елінен келген қарсыласы таңғы өлшеуден өтпей қалды. Енді Бексұлтан 1/8 финалда Молдова өкілімен кездеседі.

Команда көшбасшысы Төрехан Сабырханның (67 кг) да жекпе-жегі болмады, өйткені Черногориялық қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты. Төреханның келесі қарсыласы Ауғанстан мен Германия боксшыларының кездесуінен кейін анықталады.

25 қазанда жарысты жалғастыратын қазақстандық боксшылар — Ахмет Үсен (63,5 кг), Мадияр Бексұлтанов (80 кг) және Аслан Елдібайұлы (+92 кг).

Айта кетейік, турнир 4 қарашада аяқталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie