locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына дайындықты бастады

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатына дайындықты бастады

Бокстан Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы ірі турнирі – Амманда өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастады.

Құрлық біріншілігі 30 қарашада басталып, 12 желтоқсанда аяқталады. Иорданияға баратын команданың құрамы әлі бекітілген жоқ.

Команданың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың айтуынша, соңғы тізім кейінірек белгілі болады. Жаттықтырушылар штабы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде боксшыларды мұқият бағалауды жоспарлап отыр, содан кейін оқу-жаттығу жиындары өтеді. Осы шаралардың қорытындысы бойынша ғана Аммандағы чемпионатқа кім баратыны анықталады, деп хабарлайды ҚР ҰОК.