Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен алынып тасталды
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлын титулынан айырып, дисквалификациялағаннан кейін рейтингінен ресми түрде алып тастады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жаңа рейтингте IBF орта салмақтағы титулы, сондай-ақ алғашқы 15-тіктегі бірінші орын бос тұр.
Айта кету керек, италиялық Этиноза Олия екінші, ал ирландиялық Аарон МакКенна үшінші орында.
Әлімханұлы мельдонийге оң нәтиже бергендіктен IBF титулынан айырылды. WBO Жәнібектің титулын тартып алмады, бірақ оны 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін дисквалификациялады.
Қазақстандық тағы бір спортшы Сұлтан Заурбек IBF супер жартылай жеңіл салмақ дивизионында үшінші орында тұр.
Алғашқы екі орын бос, ал чемпиондық титул мексикалық Эмануэль Наварретаға тиесілі.
Тайсон Фьюри Лондонда өткен бокс кешінде жеңіске жетті.
