locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшы Нұрмағанбетов келесі жекпе-жегіне дайындалуда

ФОТО:  Getty images

Қазақ боксының жарық жұлдызы Бек Нұрмағанбетовтың алдағы жекпе-жегінің қашан өтетінін анықтады. Қазақстандық нокаутшының жекпе-жегі жақын арада – қазан айының екінші жартысында өтеді.

Нұрмағанбетовтың шаршы алаңдағы қарсыласы әзірге белгісіз, бірақ жекпе-жек АҚШ-тың Сан-Хасинто қаласында өтеді. Еске сала кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегінде Бек америкалық боксшы Джошуа Конлиді алтылықтың екінші раундында Сауль Альварес пен Эдгар Берланга арасындағы жекпе-жектің андеркартында нокаутқа түсірген болатын.

Бұл қазақстандық боксшының он екі жекпе-жектегі 10-нокауты болды. Қазіргі таңда Нұрмағанбетов жеңілістің не екенін білмейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Джонни Эблен мен Фабиан Эдвардстың жекпе-жек өтетін күнін хабарлаған болатынбыз.