locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшы Коханчик "Тбилиси жолбарысымен" алғашқы жекпе-жегін өткізді

ФОТО: Google

28 қыркүйекте Екатеринбургте өткен RCC HARD 10 турнирінде қазақстандық боксшы Михаил Коханчиктің дебюті өтті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Қазақстандықтың алғашқы қарсыласы грузиялық Лери “Тбилиси жолбарысы” Амиров болды. Жекпе-жек орта салмақ дәрежесіндегі гран-при аясында өтті.

Коханчик бірінші раундта-ақ қарсыласын жаққа дәл тиген “екілік” соққымен құлатып, жарқын жеңіске жетті.

Михаил Коханчик KST Bareknuckle командасын таныстырады. Бұған дейін ол кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, 6 рет (5 КО) жеңіске жетіп, бір рет жеңілді.