Қазақстандық боксшы қыз жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалына шықты
Казахстандық 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Аружан Зейнуллаева Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының (U-18) финалына шықты. Чемпионат 28-31 қазан аралығында өтуде.
1/2 финал кезеңінде қазақстандық боксшы қыздың қарсыласы польшалық Ханна Юлия Олеш болды. Жекпе-жек Зейнуллаеваның 4:1 есебімен айқын жеңісімен аяқталды.
Айта кетейік, ширек финалдық жекпе-жектер қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы тарихи рекорд орнатты – ерлер және әйелдер құрамасынан 17 боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде әлем чемпионатының “қола” жүлдесіне ие болды.
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай финалистерінің толық тізімі:
Қазақстан ерлер құрамасы:
- 48 кг салмақ дәрежесі: Диас Берікбай
- 51 кг салмақ дәрежесі: Бексұлтан Боранбек
- 57 кг салмақ дәрежесі: Жансерік Көшербаев
- 67 кг салмақ дәрежесі: Торехан Сабырхан
- 71 кг салмақ дәрежесі: Өнер Сейілхан
- 75 кг салмақ дәрежесі: Саңжаралы Бегалиев
- 92 кг салмақ дәрежесі: Расул Асанханов
- 92 кг жоғары салмақ дәрежесі: Аслан Елдібайұлы
Қазақстан әйелдер құрамасы:
- 48 кг салмақ дәрежесі: Әнел Әбдрасилова (мексикалық Валерия Ампаран Писарроға жол берді)
- 50 кг салмақ дәрежесі: Эльнұр Тұрғанова
- 52 кг салмақ дәрежесі: Бақжан Отынбай (қытайлық Чен Ян Фанға жол берді)
- 60 кг салмақ дәрежесі: Толғанай Қасымхан
- 63 кг салмақ дәрежесі: Аружан Жанабаева (ирландиялық Лоулесс Сиофораға жол берді)
- 66 кг салмақ дәрежесі: Ұлдана Таубай
- 75 кг салмақ дәрежесі: Шұғыла Нәлибай
- 81 кг салмақ дәрежесі: Аружан Зейнуллаева (финалға шықты)
- 81 кг жоғары салмақ дәрежесі: Панар Сейітжанқызы
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52