locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Қазақстандық боксшы Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған турнирдің 1/2 финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы  Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған турнирдің ½ финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов 71 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, КСРО Батыры Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты. Жарыс Шымкент қаласында (Қазақстан) өтуде.

Тоқтасыновтың ширек финалдағы қарсыласы қырғызстандық Ихтияр Нишанов болды. Жекпе-жек Тоқтасыновтың жеңісімен аяқталып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай, аса ауыр салмақ дәрежесінде (92 кг жоғары) өнер көрсетіп, осы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын.