locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев – Octagon лигасының орта салмақтағы жаңа чемпионы

Қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев –  Octagon лигасының орта салмақтағы жаңа чемпионы

Қазақстандық ММА жауынгері Бауыржан Қуанышбаев кештің басты жекпе-жегінде жеңіске жетіп, орта салмақтағы Octagon лигасының жаңа чемпионы атанды.

Алматыда өткен Octagon 64 турнирінде өзбекстандық спортшы Ислам Балтаев өзінің чемпиондық атағын үміткер Бауыржан Қуанышбаевқа қарсы қорғады.

Жауынгерлер бес раундтық жекпе-жек өткізді, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Қазақстан өкіліне берді.

"Мен бұл чемпиондық жекпе-жекті ұзақ күттім. Ислам өте жақсы, мықты қарсылас, соңына дейін күреседі. Мен одан бес раундтық жекпе-жек күтіп, оған дайындалдым. Осындай жекпе-жек үшін Исламға рахмет", - деді Қуанышбаев жекпе-жектен кейін.

Ислам Балтаев кәсіби ММА-дағы бес жеңісті шайқастан кейін үшінші жеңіліске ұшырап, чемпион атағын жоғалтты.

Бауыржан Қуанышбаев (18-6) өзінің еншісіне 18-ші жеңісті жазып, орта салмақтағы лиганың жаңа чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұл қазақстандықтың кәсіби мансабындағы екінші чемпиондық атағы. Ол бұрын жартылай орта салмақтағы Octagon белбеуіне ие болған.