Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай алтын жүлдеден кейін әсерімен бөлісті
Қазақстан боксы құрамасының капитаны Айбек Оралбай Азия чемпионы атанып, 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын жүлде жеңіп алды. Спортшы өз жеңісі туралы пікір білдірді.
“Турнир барысында қолдау көрсеткен халқымызға алғысымды білдіргім келеді. Жаңа салмақтағы шетелдегі алғашқы жарысым осы Азия чемпионаты болды. Кішкене қателіктер болды, алда қателіктермен жұмыс істеу керек. Алда Әлем Чемпионаты мен Олимпиада ойындары бар. Сол турнирлерде осы салмақта “нөмір бірінші” болуды дәлелдеу үшін еңбек етемін.
Ширек финалда Өзбекстаннан келген боксшымен өте маңызды жекпе-жек өтті, онда жеңіске жеттім. Финалда бапкерлердің кеңесі бойынша ашық айқасқа бармадым, себебі біздің салмақта бір ғана соққы жекпе-жектің тағдырын шеше алады. Бұл тактика маған бүгінгі жеңісті әкелді”, – деді Айбек.
Айта кетейік, биыл Оралбай салмақ дәрежесін өзгертіп, алғаш рет 92 келіден жоғары салмақта чемпион атанды.
Футзал
Бүгін 04:43
Футзал
Бүгін 03:08
Футбол
Бүгін 02:31