Қазақстан құрамасының боксшысы Даниял Райымбеков жастар арасындағы ӘЧ-де жекпе-жексіз медаль иеленді
Бокс
29 қаз 2024 11:38
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстан құрамасының боксшысы Даниял Райымбеков жастар арасындағы ӘЧ-де жекпе-жексіз медаль иеленді
Қазақстандық боксшы Даниял Райымбеков АҚШ-тың Колорадо штатындағы Пуэбло қаласында өтіп жатқан (U-19) Әлем чемпионатында жекпе-жегін бірден жартылай финалдан бастайды. Осылайша, ол Қазақстанға алғашқы медальді алдын ала қамтамасыз етті.
Райымбеков 85 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеребе нәтижесіне сәйкес жартылай финалда Оңтүстік Кореялық Мин Сен Шинмен кездесу өткізеді.
Бұған дейін 70 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Диас Серікұлы жартылай финалға жолдама ала алмады.
Бұл Қазақстанның Халықаралық бокс федерациясы ұйымдастырған әлем чемпионатына алғашқы қатысуы.
Танымал жаңалықтар
ММА
Бүгін 14:44