locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен 5 медаль жеңіп алды

Фото: X (twitter)

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Новосибирскіде өткен әлем чемпионатын аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Екі қазақстандық палуан финалға дейін жеткен. 60 келі салмақта Ғалым Қабдунасаров алтыннан алқа тағынды. Амангелді Бекболатов 55 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ержет Жарылқасын және Мейрамбек Айнағұлов 63 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Дәл осындай жүлдемен 72 келі салмақта Әділхан Сатаев та марапатталды.