locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан ҰОК президенті Головкин Олимпиададағы бокс болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан ҰОК президенті Головкин Олимпиададағы бокс болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: olympic.kz

Қазақстан ҰОК президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин Пуэблодағы (АҚШ) бокстан U19 әлем чемпионатының қатысушыларымен кездесті.

Головкин ресми емес кездесуде әлемдік додаға қатысушылармен сұхбат құрып, жас боксшылармен естелік суретке түсті.

2028 жылы өтетін Олимпиадаға бокс бағдарламасын сақтап қалу үшін қолынан келгеннің бәрін істейтінін айтты.

«Қазіргі таңда араларыңызда болашақ чемпиондар, Лос-Анджелестегі ойындарға қатысатын олимпиадашылар бар. Өз тарапымнан боксты Олимпиаданың жарыс бағдарламасында сақтап қалу үшін қолымнан келгенін істеймін деп уәде беремін.

Биікке ұмтылыңыздар, мақсаттарыңызға жету үшін күштеріңізді аямаңыздар. Барлығына жеңіс және әлем чемпионатында жетістікке жетуді тілеймін», - деді Геннадий Головкин.

Айта кетелік, Пуэблодағы (АҚШ) әлем чемпионаты World Boxing аясында алғаш рет ұйымдастырылған. Оған 30 елден 180 боксшы қатысып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Серікұлы U-19 әлем чемпионатында жеңілген болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie