locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстан мен Өзбекстанның жаңартылған WBO рейтингіндегі позициялары

Фото: Meta-ratings.kz
Қазақстан мен Өзбекстанның жаңартылған WBO рейтингіндегі позициялары

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) әлемнің ең мықты боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, оған әртүрлі елдердің спортшылары кірді. Бұл тізімге Қазақстан мен Өзбекстанның өкілдері де енді.

Upl.uz басылымының мәліметінше, рейтингке Қазақстаннан екі боксшы, ал Өзбекстаннан алты боксшы кірді. Алайда, Өзбекстанның тізімдегі саны көп болғанына қарамастан, қазіргі таңда WBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы дәл қазақстандық боксшы болып отыр.

Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта (72,5 кг дейін) WBO чемпиондық белбеуінің иегері. Рейтингте Қазақстанның тағы бір өкілі бар – Мейірім Нұрсұлтанов бар. Ол осы салмақ дәрежесінде 7-орында орналасқан.

Өзбекстандық спортшылар рейтингте бірнеше салмақ дәрежесінде көрсетілген. Екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов суперауыр салмақта (90 кг жоғары) 15-орында тұр. 76 кг дейінгі салмақта Бектемір Мелиқұзиев 11-орынға жайғасқан. Өзбек спортшылары арасындағы ең жоғарғы позицияны Шахрам Ғиясов иеленіп, жартылай орта салмақта (67 кг дейін) рейтингтің көшін бастап тұр. Ең мықтылардың қатарында сондай-ақ, Мұраджон Ахмадалиев (55 кг дейін) 2-орында, Олимжон Назаров (50 кг дейін) ең жеңіл салмақта және олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов минималды салмақта (48 кг дейін) рейтингке енген.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie