locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Асу Алмабаев UFC рейтингінде бұрынғы орнына қайта оралды

ФОТО:  Getty images

Танымал UFC 306 турнирінің қорытындысы бойынша дивизион рейтингтері жаңартылды. Қазақстандық файтер Асу Алмабаев бұл турнирге қатыспағанына қарамастан, жеңіл салмақ дәрежесінде позициясын жақсарта алды.

Бірер ай бұрын рейтингті жаңартылып, Алмабаев 14-ші орыннан 15-ші орынға түсіп қалып, үздік 15 файтер қатарынан түсіп қалу алдында қалды. Алайда, UFC 306-дан кейін Асу 14-орынға қайта оралып, Мэтт Шнеллді рейтингтің соңғы сатысына жылжытты.

Жақын арада Алмабаевтың позициясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндігі болады. 20 қазанға қараған түні Лас-Вегаста ол рейтингте жетінші орында тұрған бразилиялық Матеус Николаумен кездеседі. Егер, Асу Николауды жеңсе, қазіргі уақытта Александр Пантожа иеленген жүлдеге басты үміткерлердің қатарына қосылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бек Нұрмағанбетов келесі жекпе-жегінің өтетін күнін анықтағанын хабарлаған болатынбыз.