locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Астанада өтетін Fight Night турнирінде Балауса Мұздиманға жаңа қарсылас тағайындалды

Астанада өтетін Fight Night турнирінде Балауса Мұздиманға жаңа қарсылас тағайындалды
ФОТО: Балауса

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман (5-0, 4 КО) 20 желтоқсанда Астанада өтетін Fight Night турнирінде үндістандық Сушила Виратпен (6-1, 4 КО) жекпе-жек өткізеді.

Бастапқыда Балаусаның қарсыласы ретінде Үндістаннан шыққан Тану Деви (3-0) тағайындалған еді, бірақ ол салмақ жасай алмағандықтан, ауыстырылды. Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Ұлжан Мұсаханова мәлімдеді.

WBA Asia белбеуінің иегері Мұздиман соңғы рет 2024 жылдың шілдесінде Таиландтан келген Джиттамат Манопчаймен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

22 жастағы Сушила Вират та шілде айында Бумика Чаудриді (1-1, 1 КО) жеңген.

Сонымен қатар, Астанадағы турнирде аралас жекпе-жек шеберлері Жалғас Жұмағұлов пен Дамир Исмағұлов та өз өнерлерін көрсетеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie