locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Асланбек Шымбергенов Қазақстан құрамасына қайта оралу жоспарларымен бөлісті

Асланбек Шымбергенов Қазақстан құрамасына қайта оралу жоспарларымен бөлісті
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық боксшы, әлем және Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов алдағы жоспарлары жайлы айтып, ұлттық құрамаға оралуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұқбатында бөлісті.

«Қазақта «бақ шаба ма, бап шаба ма» деген сөз бар ғой. Алланың қалауымен Олимпиада мен үшін сәтсіз өтті. Олимпиададан кейін біраз уақыт демалдық, емделдік, қалпымызға келдік. Күзде Қазақстан чемпионаты болады, сол кезде ұлттық құрамаға қайта кіреміз деген ой бар. Капитан болып бәрін қайтадан нөлден бастау мен үшін қызық әрине, дегенмен мен жарақаттарымнан толық айығып алдым»,- деді Шымбергенов Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұқбатында.

Асланбек Шымбергенов 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 71 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық боксшы Зейяд Ишаиштан жеңіліп қалған болатын. Осы сәтсіздіктен кейін ұлттық құрамадан тыс қалып, біраз уақыт қалпына келу кезеңінен өтті.

Асланбек Шымбергенов - 2022 жылғы Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы. Олимпиадаға дейін Қазақстан құрамасының капитаны болған. Енді ол қайтадан шаршы алаңға оралып, ұлттық құрама сапында жаңа белестерді бағындыруға ниетті.

Бұған дейін, Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсеткен жағдайда Шымбергеновтің ұлттық құрама сапына қайта қосылуға мүмкіндігі болатынын растаған болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie