locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Артур Дмитрий Биволпен жекпе-жек туралы: мен оны, бұрынғы қарсыластарым сияқты құрметтеймін

Артур Дмитрий Биволпен жекпе-жек туралы: мен оны, бұрынғы қарсыластарым сияқты құрметтеймін

WBC, IBF және WBO жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Артур Бетербиев алдағы кездесуі туралы WBA титулының иегері Дмитрий Бивол жайлы пікір білдірді.

“Ол кәсіби және әуесқой бокста үлкен тәжірибесі бар керемет боксшы. Мен оны, бұрынғы қарсыластарым сияқты құрметтеймін”, — деп мәлімдеді Бетербиев Queensberry Promotions-ке берген сұхбатында.

Жартылай ауыр салмақта абсолютті Әлем чемпионы атағы үшін Бивол мен Бетербиев арасындағы кездесу 12 қазанда өтеді.

33 жастағы Бивол соңғы кездесуінде ливиялық боксшы Малик Зинадты мерзімінен бұрын жеңсе, 39 жастағы Бетербиев биылғы жылдың қаңтар айында британдық Каллум Смитті жетінші раундта жеңіп шықты.