locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Артур Бетербиев әлемнің үздік 5 боксшыларын атады

ФОТО:  Getty images

Артур Бетербиев қазіргі таңда әлемдегі ең мықты боксшы деп кімді санайтыны туралы пікірін бөлісті.

Шешен-канадалық боксшының айтуынша, бірінші орынды жартылай орта салмақтың көшбасшысы Теренс Кроуфорд алады. Екінші орынды Бетербиев Наоя Иноуэ мен Александр Усикке берді. Үшінші орынға Сауль Альварес жайғасты, төртінші орынға Тайсон Фьюри, ал бесінші орынға жеңіл салмақтағы Девин Хэйниді қойды.

Айта кету керек, 12 қазанда Бетербиев бокстың тарихына енуі мүмкін: Дмитрий Биволды жеңу оған жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын сыйлайды, бұл оны салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы — pound-for-pound королі атағына үміткер етеді.