locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Армат Арманұлы келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күнді білді

Армат Арманұлы келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күнді білді
ФОТО: Instagram. Армат Арманұлы

Қазақстандық боксшы Армат Арманұлы рингке бір айдан аз уақыт ішінде қайта оралады.

Орта салмақта жұдырықтасатын 21 жастағы Армат Арманұлы келесі жекпе-жегін 3 мамырда Таиландта өткізеді.

Meta-ratings.kz дерегінше, Арманұлына үндістандық Рахул Сингх қарсылас болады. Қарсыласының рекорды – 10 жеңіс (бесеуі нокаутпен), 1 жеңіліс.

Армат Арманұлы (2-1-0, 1КО) соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда Бангкок қаласында пәкістандық Хабиб Ур Рахманға (6-2-0, 5КО) қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

Наурыз айының басында Армат Арманұлы Irfin Promotions промоутерлік компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie