locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қарағанды әйелдер арасындағы іріктеу турнирін қабылдайды

Қарағанды әйелдер арасындағы іріктеу турнирін қабылдайды

22-28 қыркүйек аралығында, Қарағандыда "Әйелдер боксынан мықтылар турнирі" өтеді. Бұл жарыс Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу.

Спортшылар 12 келіде жүлдені сарапқа салады: 48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Бұл турнирдің ерекшелігі - спортшылардың бас киімсіз шығуы. Ұлттық аренада әйелдер рингқа бас киімсіз шығатын болады. Бұл өзгерістер Азия чемпионатында қолданылады.

Қазақстандық боксшылар, жастар арасындағы Азия чемпионатында жалпы есепте жеңгенін хабарладық.