locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ангелина Лукас Токио Олимпиадасына қатысты шулы мәлімдеме жасады

Ангелина Лукас Токио Олимпиадасына қатысты шулы мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Токио Олимпиадасына қатыса алмағанының себебін жынысын ауыстырған ер адамнан жеңілгенімен байланыстырды, деп хабарлады 1bol.kz cайты.

Спортшының сөзінше, Олимпиада жолдамасын беретін турнирде Таиланд өкілімен кездесіп, ұпай санымен жеңіліс тапқан. Кейіннен оның қарсыласының биологиялық қыз емес, ер адам екені белгілі болған.

- "2021 жылы лицензиялық турнирге қатыстым. Менің қарсыластарымның арасында Қытай, Жапония сынды елдердің белгілі боксшылары болды. Олардың бұл салмақта жүргеніне 5-6 жыл болғандықтан біз олар туралы білдік. Бұл салмақтағы Таиланд боксшысын білсек те, ол турнирге келмеді. Оның орнына бейтаныс боксшы қыз келді. Мен бірінші айналымда сонымен жұдырықтасатын болдым. Қарсылас туралы деректі іздегенімде ақпарат өте аз болды. Ал, оның келбетіне қарап ер адам екенін анықтау қиынға соқпады. Үстіне тек бокс жейдесін ғана киіп, ішінен ештеңе кимейтін. Жекпе-жек барысында мен оны жеңген едім. Алайда 3:2 есебімен жеңіс оған берілді. Сөйтіп ол сол турнирде Токио Олимпиадасына жолдама алды", - деді Лукас.

Ангелина Лукас әуесқой бокстан ұлттық құрама сапында 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бір кездері Назым Қызайбаймен бәсекелес болған. Олардың арасындағы тартысты кездесулер бірнеше рет дау тудырған.

Айта кетсек, осы жылы Париж Олимпиадасында әйелдер боксы туралы даулы жағдайлар орын алды. Алжирлік боксшы Иман Хелифтің трансгендер екені туралы мәлімдемелер жасалды. Тіпті, оның қарсыласы, италиялық спортшы, жекпе-жек барысында бірінші раундтың ортасында кездесуді жалғастырудан бас тартты. Бұдан кейін Иман Хелифтің әкесі оның туу туралы куәлігін көрсетіп, оның биологиялық қыз екенін мәлімдеген.

Азиз Қожамбетов Азия бокс конфедерациясының уақытша президенті қызметін атқарады

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie