Ангелина Лукас салмақ өлшеуден сәтті өтіп, чемпиондық белбеу үшін күресуге дайын екендігін жеткізді
Бокс
05 қаз 2024 15:37
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Ангелина Лукас салмақ өлшеуден сәтті өтіп, чемпиондық белбеу үшін күресуге дайын екендігін жеткізді
6 қазанда, жексенбі күні, 27 жастағы қазақстандық спортшы Ангелина Лукас IBO нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта (52,2 кг дейін) әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Оның қарсыласы - бұрын жеңіл салмақта WBO титулын иеленген аргентиналық Дебора Анахи Лопес.
Жекпе-жек алдында екі спортшы да салмақ категориясының лимитіне сәйкес келіп, көз арбасу рәсімін өткізді.
“Салмақ өлшеу аяқталды, тарихи күнге бір күн ғана қалды! Мен шайқасқа дайынмын! Кәсіби бокста менің атымды бүкіл Әлем білсін деп тілеймін”, — деп мәлімдеді Ангелина.
Қазақстандық пен аргентиналық арасындағы жекпе-жек Таиланд астанасы Бангкокта өтетін турнирдің басты оқиғасы болмақ.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20