locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Ангелина Лукас Әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Ангелина Лукас Әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас рингте 11-ші жеңісін тіркеп, IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын иеленді.

Лукасқа қарсы аргентиналық Дебора Анаи Лопес (21-2-1) шықты. Жекпе-жек Таиландтың Бангкок қаласында өткен бокс кеші аясында өтіп, қазақстандық спортшының төрешілер шешімімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, IBO белбеуі Ангелина Лукас үшін биылғы жылы үшінші чемпиондық атақ болды. Бұған дейін ол WIBF және WBF чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.