locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Анауэль Нгамиссенге: Біз қалай жеңу керектігін білеміз

Анауэль Нгамиссенге: Біз қалай жеңу керектігін білеміз
ФОТО: qazsport

5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен WBO және IBF белбеулері үшін айқасатын франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенге жекпе-жек алдындағы сенімді пікірін білдірді.

Ол қарсыласын жан-жақты зерттегенін және рингке үлкен дайындықпен шығатынын айтты.

«Біз қарсыласымның күшті және әлсіз тұстарын саралап шықтық. Өзіме сенімім - 10 000 пайыз. Жеңіске жету үшін нақты жоспарымыз бар, біз қалай жеңу керектігін білеміз», - деді Нгамиссенге.

Франциялық боксшы өзінің басты қаруы ретінде мықты психологиялық тұрақтылығын атап өтті.

«Мен өмірде көп қиындықтан өттім. Сол сынақтар мені беріспейтін, мойымайтын мықты спортшыға айналдырды. Менің ішкі рухым - менің ең үлкен артықшылығым. Қиын сәттерде де ішкі жарығымды таба білемін».

Ол бұл жекпе-жекте төрешілерге дейін жеткізбей, жеңісті мерзімінен бұрын алуға ниетті екенін де жасырмады.

Анауэль Нгамиссенге - 29 жастағы франциялық боксшы, Конго тумасы. Ол кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тоғыз қарсыласын нокаутпен ұтқан. Соңғы рет 2024 жылдың 8 маусымында Сандро Джаджанидзені үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie