locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Амир Хан: Жәнібек Канелоға қарсы жекпе-жекте GGG үшін кек алуы мүмкін

Амир Хан: Жәнібек Канелоға қарсы жекпе-жекте GGG үшін кек алуы мүмкін
ФОТО: Sportburo.kz

WBA және IBF нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан мексикалық бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альварестің жетістіктеріне жоғары баға беріп, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының атақты чемпионмен болашақта кездесетініне үміт білдірді. Бұл туралы боксшы Qazsport TV телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Амир Ханның өзі 2016 жылы Альвареспен рингте кездесіп, алтыншы раундта нокаутпен жеңілген болатын. Ол Канелоның әлі де әлемдік бокстың басты тұлғаларының бірі екенін атап өтті.

«Канело – мен үшін үздік боксшылардың бірі. Бір күні Жәнібек онымен кездесіп, сіздердің Triple G үшін кек алуы мүмкін. Жәнібек сенімді түрде өсіп келеді, және болашақта Альвареспен жұдырықтасуға мүмкіндігі болады. Канело – нағыз чемпион әрі аңыз», – деді Хан.

Еске салайық, 2016 жылы Амир Хан Сауль Альвареспен айқасу үшін жартылай орта салмақтан орта салмаққа көтеріліп, сол кездесуде WBC белбеуін қорғаған Канелодан нокаутпен жеңілген еді.

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie