Алматы қаласының әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне сый-сияпат көрсетті
Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан алматылық спортшылармен кездесті.
«Ұлттық құраманың құрамында алматылық спортшылардың Қазақстанға ең көп медаль әкелгенін атап өту қуантады. Сіздер өз талантыңызбен,табандылығыңызбен, қажырлы еңбегіңіздің арқасында елеулі, тарихи жеңістерге жеттіңіздео», - деп атап өтті қала әкімі Ерболат Досаев.
Шаһар басшысы спортшылар мен жаттықтырушыларды Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбановты, қола жүлдегерлер - дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевты, боксшы Назым Қызайбайды және оқ атудан сайысқа түскен мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаевты жетістіктерімен құттықтады.
Ерболат Досаев Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті.
Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті табысталды. Әкімдік берген тұрғын үй сертификатымен бірге Нариман Құрбановқа демеушілер есебінен тағы бір пәтер сыйға берілді.
Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20