Александр Усик: "Қорқыныш? Айту қиын. Мүмкін, қорқыныш, мүмкін, қорғаныс инстинкті"
WBA, WBO, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик (22-0, 14 КО) Тайсон Фьюридің (34-1-1, 24 КО) реванш алдындағы мінез-құлқы жайлы ойымен бөлісті. MEGOGO СПОРТ оның сөзін былай жеткізеді:
“Шынын айтсам, қазір “бауырымның” әрекеттеріне көп мән беріп жатқан жоқпын. Бірақ психология тұрғысынан оны екі жолмен түсіндіруге болады. Ол не істейді? Алдымен, балағаттайды, анайы сөздер айтып, қарсыласын мұқатуға тырысады. Егер бұл әдісі нәтиже бермесе, құрмет көрсетуге көшеді. Бұл – өзін-өзі қорғау. Ол мұны мен үшін емес, өз жанкүйерлері үшін жасап отыр. Себебі оған олардың қолдауы ауадай қажет.
Мен оны бұл әрекеттері үшін айыптамаймын. Оған моральдық құқым жоқ, тіпті бұл туралы нақты пікірім де жоқ.
Қорқыныш? Айту қиын. Мүмкін, қорқыныш, мүмкін, қорғаныс инстинкті. Әркім әртүрлі әрекет етеді. Бірақ қазір оның бар болмысы қатты ширығып тұрғандай көрінеді. Өзін-өзі тым кернеп, енді сол күйін сақтап қалуға тырысып жүрген секілді. Ол маған керілген бесінші ішекті елестетеді,” — деді Усик.
Александр Усик – Тайсон Фьюри. Онлайн көру. LIVE көрсетілім.
Футбол
Бүгін 00:48
Футбол
Бүгін 00:15
Футбол
Кеше 23:59