locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қайрат Сәтжанов IBA мен World Boxing арасындағы айырмашылықтар туралы айтты

Қайрат Сәтжанов IBA мен World Boxing арасындағы айырмашылықтар туралы айтты
ФОТО: KBF

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов IBA мен жаңадан құрылған World Boxing ұйымы арасындағы салмақ дәрежелері бойынша айырмашылықтарды түсіндірді.

“Жаңа жылдан бастап біз World Boxing ұйымына ауысамыз. Егер IBA-да 13 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынса, World Boxing ұйымында бұл сан 10-ға дейін қысқарады. Мұнда спортшылар тек 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және +90 килограмм салмақ дәрежелерінде бәсекеге түседі. Мысалы, 48 және 51 килограмм салмақ дәрежелеріндегі боксшылар енді 50 килограмм салмақта күш сынасады. Барлық салмақ дәрежесінде осындай өзгеріс бар. Бұл, әрине, бәсекелестікті күшейтетіні анық”, – деді Сәтжанов.

Еске сала кетейік, қараша айының басында Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанды. Бұл ұйымға Орталық Азия елдерінен Қырғызстан мен Өзбекстан да кіреді. Қазіргі таңда оның құрамында 55 мемлекет бар.

26 қазан мен 2 қараша аралығында World Boxing ұйымы алғаш рет әлем чемпионатын өткізді. Бұл турнирге төрт қазақстандық боксшы қатысып, екеуі жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, Асылхан Көшербай (65 кг) мен Даниял Райымбеков (85 кг) күміс медаль еншіледі.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie