locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қайрат СӘТЖАНОВ: “Аса ауыр салмақта резерв жоқ”

ФОТО:  Getty images
Қайрат СӘТЖАНОВ: “Аса ауыр салмақта резерв жоқ”

Парижде өткен Олимпиададан кейін Қазақстан боксында өзгерістер орын алды. Құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов қызметінен кетіп, орнына Қайрат Сәтжанов келді. Жаңадан тағайындалған бапкер, аса ауыр салмаққа ауысқан Айбек Оралбайдың, алдағы Азия чемпионатында топ жаруға дайын екені айтты.

"Жақында Айбек Оралбай аса ауыр салмаққа ауысты. Ол әлі толық бабына келген жоқ. Соған қарамастан Шымкенттегі турнирде жеңімпаз атанды. Айбектің артықшылығы ауыр салмақтағы боксшылардың ішінде өте жылдам. Сосын сериялық соққылары көп. Алдағы Азия чемпионатында топ жаруға дайын”, - дейді Қайрат Сәтжанов.

Аса ауыр салмақта екі дүркін Олимпиада Өзбекстандық Баходир Жалолов, кәсіпқой боксқа ауысты. Алайда, Қайрат Сәтжановтың айтуынша, Азия чемпионатында Баходирден бөлек басқа жас боксшы бар екен.

“Баходур Жалолов боксты қойғанымен, Өзбекстанда ауыр салмақта Жахонгир Зокиров деген тағы бір жас жігіт бар. Жалоловпен спарринг жасап жүріп біраз тәжірибе жинады, Олимпиада ойындарына қатыспаса да, бірге барып жүрді. Деңгейі біраз өскен. Меніңше, алдағы Азия чемпионатында бұл баланы ұтуға шамамыз жетеді. Түсініксіз жайттар болып қалмаса, Айбек оны ұтады деп ойлаймын,- дейді бас бапкер.

Бас бапкердің сөзінше, аса ауыр салмақта жастар арасында резерв жоқ. Ауыл-аймақтарды аралап, іріктеуіміз қажет,-дейді.

“92 келіден жоғары салмақта жастар арасында ешкім жоқ, одан төмен салмақтарда жігіттер бар. 92 келіге дейінгі салмақта қызылордалық боксшы бар еді, бірақ ол жақында бүйрегіне операция жасатып, әзірге шаршы алаңға оралуға дәрігерлер рұқсат бермеді. Бірақ болашағынан үміт күттіретін бала екен, қол-аяғы жұмыс істейді, бойшаң, қорықпайды. Сондықтан бізге ауыр салмақтағы боксшылар керек, облыстардан, ауыл-аймақтан сондай балаларды іріктеп, дайындауымыз қажет”, - деді Қайрат Сәтжанов

Бапкердің сөзінше, аса ауыр салмақтағы ең тәжірибелі боксшы Қамшыбек Қоңқабаев 92 келіге дейінгі салмаққа ауысуы мүмкін. Еске сала кетейік, бокстан ұлттық құрама Париж Олимпиадасында Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге, Назым Қызайбай қола жүлдеге ие болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie