locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Аида Сатыбалдинова: "Қазақстан – мен өзімді жайлы сезінетін ел емес"

 ФОТО:  tengri.news
Аида Сатыбалдинова: "Қазақстан – мен өзімді жайлы сезінетін ел емес"

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова (6-3-1, 2 КО) АҚШ Ұлттық гвардиясының қатарына қосылу туралы шешімін түсіндірді. Бұған дейін спортшы қарулы күштерге қызмет етуге кәсіби жарамдылық тестінен сәтті өткен болатын.

“Шынымды айтсам, Қазақстанға тұрақты өмір сүруге оралу ойымда жоқ, тек қонаққа келуім мүмкін. Әрқайсымыз өз өмірімізді лайықты өткізуге ұмтыламыз. Қазақстан – мен өзімді жайлы сезінетін ел емес. Менің турашылдығым, өмірге деген көзқарастарым мен ұстанымдарым бар, сондықтан мұнда өзімді жайлы сезіне алмаймын. Жағымпазданып, біреуге жағыну – “ЕШҚАШАН” менің ісім емес. Мені намысты болуға тәрбиеледі. Мен үшін “Тізерлеп өмір сүргенше, тік тұрып өлген артық” деген қағида өте маңызды.

АҚШ-та мен жақсы мансап құруды, өз үйім болғанын қалаймын. Болашақта менің балам Гарвардта оқығанын қалаймын, бірақ мұндағы білім алу құны өте қымбат. Мен өз балама өзімде болмаған барлық жақсы нәрсені бергім келеді. Сондықтан АҚШ Ұлттық гвардиясына қосылу — бұл үлкен қадам. Әрі қарай тек жоғарыға!” — деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сатыбалдинова соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың тамыз айында өткізді, онда жеңіл салмақтағы WBC International белбеуі үшін өткен кездесуде америкалық Челси Андерсоннан (7-0, 3 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліске ұшыраған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie