Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан турнирде финалға шықты
Бүгін Шымкентте ерлер арасында бокстан өтетін, Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жартылай финалдық кездесулері өтуде.
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 92 кг-нан жоғары аса ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, осы турнирдің финалына шықты. Жартылай финалда оның қарсыласы отандасы Даниял Сапарбай болды.
Айбек Оралбай қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қайрат Сатжанов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін, Айбек Оралбай ұлттық құраманың капитаны мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ, осы турнирдің алдында ол салмақ дәрежесін өзгертіп, аса ауыр салмаққа ауысты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52