locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Абылайхан Жүсіпов: "Әуесқой боксты сағынып қалыппын"

ФОТО:  KBF

Екі дүркін Олимпиада қатысушысы (2016, 2020) Абылайхан Жүсіпов ерлер арасындағы Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық бокс турниріндегі жеңісі туралы пікір білдірді.

"Әуесқой боксты сағынып қалыппын. Форматы сәл өзгеше, сондықтан бейімделу қажет. Әр жекпе-жекте алға жылжып, жанкүйерлерді жеңістеріммен қуантамын деп ойлаймын. Жалпы, қарсылас жас болғандықтан, мен көп қозғалыс жасауға тырыстым. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды, бірақ қарсылас жас, оның болашағы әлі алда. Оған тек сәттілік тілеймін", - деді Жүсіпов журналист Аслан Қаженовке берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, атақты қазақстандық боксшы, 71 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты. Ширек финалда Жүсіпов өз отандасы Алмас Көшербаевпен кездесіп, жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын Жүсіповтің жеңісімен аяқталды.