Абылайхан Жүсіпов Қазақстанда өтетін әлем Кубогынан не күтетінімен бөлісті


Қазақстанның екі дүркін чемпионы Абылайхан Жүсіпов Астанада өтетін бокстан әлем чемпионатына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанның елордасында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен бокстан әлем Кубогының кезеңі өтеді
«Жалпы, өзімді жақсы сезінемін. Турнирге дайындығымыз жоғары деңгейде. Қазір біз бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз, бұл біз үшін дайындық кезінде плюс. Жақсы нәтижеге жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
Турнирдің өз елімізде өтуі бізге қосымша жауапкершілік жүктейді. Сонымен қатар, өзіміздің трибуналардың алдында өнер көрсетудің де оң әсері бар. Бұл жанкүйерлерге өзімізді көрсетудің тамаша мүмкіндігі.
Жеңіске ұмтылып қана қоймай, көрерменге ұнайтын әдемі бокс көрсетуге тырысамыз», - деді боксшы.
Турнирде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды.