locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2025 жылы бокстан әлем чемпионаты қай қалада өтетіні белгілі болды

2025 жылы бокстан әлем чемпионаты қай қалада өтетіні белгілі болды

Әуесқой бокс әлемінде қызық оқиғалар орын алуда.

Ресейлік кәсіпкер Умар Кремлев басқаратын Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ерлер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының қай жерде өтетінін әлі шешпесе, жаңадан құрылған World Boxing ұйымы ӘЧ қабылдайтын қала таңдап қойған.

Әлем чемпионаты 2025 жылдың 4-14 қыркүйегі аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді.

Бір қызығы, M&S Bank Arena алаңында тек ерлер ғана емес, әйелдер де алтын медальдар үшін таласады.