2023 жылғы Азия ойындары: Қазақстан допинг дауынан кейін қосымша медаль алды
Азия Олимпиада кеңесі (АОК) мен Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) моңғолиялық боксшы Батырсук Чинзоригтің ісіне нүкте қойды. Ол 2022 жылдың қазан айынан бастап антидопинг ережесін бұзғаны үшін спорттан шеттетілген болатын.
Еске салайық, Улан-Батор қаласының тумасы 63,5 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін допинг-тесттен өте алмай, “Метандиенон” есірткі заты табылған. Осыдан кейін тергеу басталып, тек 27 қараша күні ғана АОК пен IBA ресми шешім шығарды.
33 жастағы Батырсук Чинзориг төрт жылға спорттан шеттетілді.
Осыған байланысты Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты. Ертуған Зейнұллинов, Чинзоригтен 1/4 финалда (0:5) жеңілгенімен, енді Азия ойындарының ресми қола жүлдегері атанды. Бұл шешімнен кейін Қазақстан құрамасының 2023 жылғы Азия ойындарындағы медаль саны бес емес, алты болды.
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев спорт басқармасының басшысы лауазымына кандидат атанды.
Футзал
Бүгін 07:14
Футбол
Бүгін 07:04
Футбол
Бүгін 06:38