locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жазғы Паралимпиада ойындары басталды: 44 қазақ спортшысы жарысқа дайын

Баскетбол 26 там 2024 10:34
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы

Қазақ спортшылары XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысады

XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстанның намысын 33 лицензия алған 44 спортшы қорғайды.

Ұлттық құрама парадзюдо, парапауэрлифтинг, параканоэ, паражеңіл атлетика, паражүзу, паратаэквондо, отырып ойнайтын волейбол, параатқыштық және параүстел теннисі сияқты 9 спорт түрінен жарысқа қатысады.

Бұл Паралимпиада ойындарында ұлттық құраманың туы Қазақстанның он дүркін чемпионы, Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері Берік Ізмағанбетов және параатқыштықтан Қазақстан чемпионы Севда Алиеваға тапсырылды.

28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 28 тамызда сағат 23:00-де өтетін ашылу салтанатын «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирде ұсынады.