locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Тоқтатуға болмайды: Сиакам «Никсті» тағы да қапы қалдырды, «Индиана» серияда 2:0 есебімен алға шықты

Баскетбол 24 мам 2025 01:47
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Тоқтатуға болмайды: Сиакам «Никсті» тағы да қапы қалдырды, «Индиана» серияда 2:0 есебімен алға шықты
ФОТО: nyknicks инстаграм парақшасынан

2024/25 жылғы НБА маусымының плей-офф кезеңіндегі жартылай финалдың екінші ойынында «Нью-Йорк Никс» өз алаңы – әйгілі «Мэдисон Сквер Гарденде» «Индиана Пэйсерс» командасынан 109:114 есебімен жеңілді.

Кездесудің басты батыры – Камеруннан шыққан «Пэйсерс» орталық ойыншысы Паскаль Сиакам болды. Ол 39 ұпай жинап, сонымен қатар 5 рет допты қағып алып, 3 нәтижелі пас берді.

«Никстің» сапында ең үздік ойын көрсеткен – қорғаушы Джейлен Брансон. Ол дабл-дабл көрсеткішіне қол жеткізіп, 36 ұпай жинап, 11 пас берді және 3 рет допты қағып алды.

АҚШ. НБА – Плей-офф – Жартылай финал

«Нью-Йорк Никс» – «Индиана Пэйсерс» – 109:114

Осылайша, «Индиана» серияда 2:0 есебімен алға шықты. Үшінші ойын 26 мамыр күні Индианаполис қаласында өтеді.

Батыс конференциясының екінші жартылай финалында «Оклахома-Сити Тандер» мен «Миннесота Тимбервулвс» командалары бақ сынауда. Бұл серияда да есеп 2:0 - «Оклахоманың» пайдасында.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie