locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Рустам Ерғали: TARLAN командасының ASTANA CUP турниріндегі жеңісі? Біз тіпті Жоғарғы лигада да өзімізді көрсете алар едік»

Баскетбол 11 сәу 2025 12:07
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Рустам Ерғали: TARLAN командасының ASTANA CUP турниріндегі жеңісі? Біз тіпті Жоғарғы лигада да өзімізді көрсете алар едік»
ФОТО: Астана

Баскетболдан Қазақстанның 13 дүркін чемпионы, Қазақстан баскетболының ең атақты өкілі, «Астана» академиясының директоры Рустам Ерғали Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында «TARLAN» командасының сапында жақында өткен ASTANA CUP турнирінің қорытындысы туралы пікір білдірді.

- Рустам, құттықтаймыз! Сіз ойнайтын «TARLAN» командасы Astana Cup турнирінің екі дүркін чемпионы атанды. Бұл жетістікке қалай баға берер едіңіз?

- Бұл жерде бәрі қарапайым: турнирдің деңгейі жоғары, ал чемпионатты жеңу – әсіресе бірінші рет – екі есе қиын. Біз Антон Пономарев екеуміз әрқашан «Астанаға» қарсы ойынға қатты дайындалатындарды, екі есе күшті ойнайтындарын жақсы білеміз. Біз барлығының жүйкесін тоздыртатын команда сияқтымыз. Командама түсіністік және бастысы қолдау үшін алғыс айтамын. Әркім өз рөлін біледі. Қазір бізбен ойнайтын жігіттер қаншалықты өскеніне қарасам, былай айта алар едім: біз Жоғары Лигада да өзімізді көрсете алатын едік. Бізге чемпиондық команда секілді ең маңыздысы - спорттық рух, бір-бірін түсінісу және командалық химия. Осы арқылы маусымда мүлде жеңілмедік.

- Финалда сіздің командаңыз 84:65 есебімен сенімді жеңіске жетті. Сіз команданың лидерісіз. Не айтасыз? Тәжірибе мен деңгейіңіз әлі де жоғары деңгейде ме?

- Матчта болғандар біледі: есептегі басымдылықты біз төртінші кезеңде істедік. Ойын барысында басымдылық 4, 6, ары кетсе 8 ұпай еді. «Be Unlimited» - өте жақсы, соларға қарсы көп дайындықты қажет ететін команда. Онымен қатар, оларда бізге қарағанда кәсіби спортшылар көп. Сондықтан, есептің өзі ойынның мәнін көрсетіп тұр. Бастысы - біз бастан өткізген эмоциялар мен сол күні келген жанкүйерлер саны. Антон Пономарев екеумізде тәжірибе көбірек екенін жоққа шығара алмаймын, біз көп жерде ойнадық. Сондай-ақ, Александр Гусев пен Исмаил Бимендинді атап өтер едім Біздің қасымызда әуесқой командалар өсіп, осы деңгейге көтеріліп жатыр. Әр жыл сайын титулды қорғап, форманың шыңын ұстау қиын. Есеп финалдағы тартысты ойынға қайшы деуге болады.

- Неліктен сіз команданы «TARLAN» деп атадыңыз? Бұл идея қайдан туды?

- Біздің менеджер, біздің адам - Алмас Садықовты атап өткім келеді. Ол тәнімен, жүрегімен командаға, баскетболға қолдау білдіреді. Команданың атауы, ойыншылардың жинақталуы - барлығы соның арқасында. Әрине, біз бұл процесске қатыстық, бірақ атаудың авторы - Алмас. Менің оған алғысым шексіз, біз осы системаға еніп, осынша ойыншы жинағанымызға да алғысымды білдерімін. Командадағы атмосфера - керемет, және бұл бәріне көрінеді. Біз мұны Astana Cup турнирінде көгсеттік. Алмас менеджер, әуесқой ойыншы ретінде де өсті. Оның статистикасына қараңыздар - ол маусым сайын өсуде.

- Айтпақшы, сіз NBA көресіз бе? Ағымдағы маусымда қай команда және қай ойыншы сізге ұнайды? Сіздің ойыңызша, NBA-ны кім жеңіп алады?

- Әрине, NBA-ны бақылаймын. Әсіресе, Леброн Джеймсті - ол менің үлгі тұтқан ойыншым, кумирім, мен оған теңесуге тырысамын. Мен оны ұлы деп санаймын: ол барлық ойыншылардың мықты кездерін алғанда да мықты. Мен Коби Брайант ойнаған кезден бері «Лейкерске» жанкүйермін, ал қазір ол жақта Леброн болғанда. Мен үшін бұл екі кумир, екі үлгі тұтатын ешқашан берілмейтін ойыншылар. Бұл олардың әрекетінен көрініп тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie