locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Паралимпиада-2024: Пара волейболдан Қазақстан құрамасы үздік алтылықта

Баскетбол 20 там 2024 13:14
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Паралимпиада-2024: Пара волейболдан Қазақстан құрамасы үздік алтылықта

Пара волейболдан Қазақстан құрамасы 28 тамыздан, 8 қыркүйекке дейін өтетін Паралимпиада-2024 ке аттанды. Командалық спорттардың арасында Қазақстан намысын отырып ойнайтын волейбол қорғайды. 75 елдің ішінде, Қазақстан 6-шы орынға жайғасқан.

2012 жылдан бері құраманың бас бапкері қызметін Бауыржан Тахауов атқарып келеді. Құрамаға ойыншыларды ҚР кубоктарынан, чемпионаттан алады. Құрамада дәл қазір 13 ойыншы бар.

Құрамадан, Берік Измағамбетов Қазақсттанның туын алып шығады. Ол Қазақстанның туын пара ату спортшысы Севда Алиевамен бірге алып шығады.

Пара волейбол құрамы екі рет Азия чемпионатында және Азия ойындарына күміс алған. Ал 2022 жылы өткен әлем чемпионаты жетінші болды. Паралимпиадаға дайындық ретінде қазақтар рейтингте екінші орында орналасқан Бразилиямен ойнап, 3:1 есебімен жеңді. Бірінші орында Иран тұр.