«Оклахома» «Денверді» ойсырата жеңіп, НБА жартылай финалына жолдама алды


2024/25 жылғы НБА плей-офф кезеңінің ширек финалындағы жетінші шешуші матчта «Оклахома-Сити Тандер» өз алаңында «Денвер Наггетсті» ірі есеппен жеңді.
Кездесу «Чизпик Энерджи Аренада» өтіп, жанкүйерлердің ыстық қолдауымен өтті.
США. НБА. Плей-офф – ¼
«Оклахома-Сити Тандер» - «Денвер Наггетс» - 125:93
Команданың жеңісіне басты үлес қосқан - канадалық қорғаушы Шей Гилджес-Александер. Ол ойынның ең нәтижелі ойыншысы атанып, 35 ұпай еншілеп, сонымен қатар үш рет доп қағып алып, төрт нәтижелі пас берді.
«Денвер» сапында үздік көрсеткіш сербиялық орталық ойыншы Никола Йокичке тиесілі болды. Оның еншісінде – 20 ұпай, тоғыз рет допты қағып алу және жеті пас. Алайда бұл көрсеткіштер қонақтардың жеңілуінен құтқара алмады.
Осылайша, сериядағы есеп 4:3 болып, «Оклахома» келесі кезеңге өтті. Енді «Тандер» Батыс конференциясының жартылай финалында «Миннесота Тимбервулвспен» кездеседі. Бұл сериядағы алғашқы матч 21 мамыр күні өтеді.


Футбол
Бүгін 03:13