locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

НБА маусымға арналған күнтізбесін жариялады. Чемпионат 22-ші қазаннан басталады.

Баскетбол 16 там 2024 10:45
Витренко Андрей
Витренко Андрей
sports24 сарапшы
НБА маусымға арналған күнтізбесін жариялады. Чемпионат 22-ші қазаннан басталады.

Ұлттық баскетбол ұйымы 2024/25 маусымға арналған ойындардың толық күнтізбені желіге жариялады.

НБА ресми сайтының хабарлауынша, чемпионат 22 қазанда басталады және алғашқы күннен бірден екі ойын болады : «Нью Йорк» - «Бостон», «Миннесота» - «Лейкерс» . 13 сәуір күні чемпионат аяқталады және осы күннен бастап клубтар плей-офф кезеңінің іріктеуінде өнер көрсетеді. Плей-офф ойындары 19 сәуір күні басталады. 2024/25 маусымының толық күнтізбесі НБА ресми сайтында жарияландя.

Сонымен қоса, 12 қараша күні НБА ішкі кубогы ойындары басталады. Ал 14 және 16 ақпан аралағында АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында НБА жұлдыздары арасында ойын өтеді.

Өткен маусымда «Бостон» 18 дүркін НБА чемпионы атанды. Клуб серияда «Далласты» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.