locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Лука Дончич НБА маусымы басталуға үш апта қалғанда жарақат алды: қайта оралу уақыты әлі белгісіз

ФОТО:  Getty images

"Даллас Маверикс" командасының баскетболшысы Лука Дончич 2024/2025 жылғы НБА маусымы басталуға үш апта қалғанда жарақат алды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Словениялық баскетболшы командасының жаттығу жиынында сол жақ сирағын жарақаттады. Бір аптадан кейін ойыншы қайта медициналық тексеруден өтіп, оның қалпына келу уақыты анықталады.

Еске сала кетейік, өткен НБА маусымында 25 жастағы Дончич 70 ойынға қатысып, орта есеппен бір матчта 33,9 ұпай, 9,2 рет доп қағып алу, 9,8 нәтижелі пас және 1,4 рет допты тартып алу көрсеткіштеріне жеткен.