Қатарынан 18-ші жеңіліс: Глеб Плотников матчты қорытындылады
“Астана” командасының бапкері Глеб Плотников Мәскеудің МБА командасына қарсы ойын (ВТБ Бірыңғай Лигасы аясында) 49:73 есебімен аяқталғаннан кейін пікір білдірді.
“Қорғаныста жаман ойын өткізген жоқпыз, бірақ өз шеңберімізде де, жалпы алғанда да өте көп допты қарсыласқа беріп қойдық. Сонымен қатар, ең басты мәселеміз — жоғалтулар саны. Әсіресе, сол қателіктерімізден кейін бірден жазаланамыз. Жалпы алғанда, шабуылды алып тастасақ, қорғаныста жақсы көріндік. Кейде қарсыласқа жақындай түстік, серпілістер жасадық, бірақ олардың артынан қайтадан үлкен айырмашылыққа түсіп қалдық”, — деп бапкердің сөзін VTB-League.com келтіреді.
Еске салсақ, “Астана” ВТБ Бірыңғай Лигасында маусым басталғалы қатарынан 18-ші жеңілісіне ұшырады. 11 желтоқсанда “Астана” Санкт-Петербургте “Зенитпен” ойнайды.
Футбол
Бүгін 14:04
Баскетбол
Бүгін 13:41