Астананың бас бапкері ВТБ Біріккен лигасында жеңіске жету үшін командаға не жетіспейтінін айтты
"Астана" бас бапкері Глеб Плотников ВТБ лигасындағы "Енисеймен" (73:90) өткен матчты қорытынылады.
"Енисей жеңісімен құттықтаймын, олар өте жоғары дәлдікпен ойнап, алыстан көп ұпай жинады, біздің қателіктерімізді пайдалануды жақсы білді. Бірінші кезеңде жақсы ойнадық, бірақ екінші және үшінші кезеңдерде қателіктерге бой алдық. Төртінші кезеңде ғана есе қайтардық, бірақ ол жеткіліксіз болды. Біз матч бойы тек бірінші және төртінші кезеңдердегі деңгейде ойнауымыз қажет, бірақ әзірге бізде бұл үшін қажетті күш-қуат жетіспейді", - деді маман матчтан кейінгі конференцияда.
Еске салайық, "Астана" жеңілістер қатарын 22 ойынға жеткізді. Қазіргі таңда команда турнир кестесінде соңғы орынға жайғасқан, ал "Енисей" 10-шы орында тұр.
Хоккей
Бүгін 11:39
Бокс
Бүгін 06:39