Астана жаңа маусымдағы ВТБ Бірыңғай лигасын ірі жеңіліспен бастады
ВТБ Бірыңғай лигасының алғашқы матчында “Астана” өз алаңында “Нижний Новгород” командасымен кездесті.
Қазақстандық команда тек төртінші кезеңде қонақтармен тең ойнады, бірақ сол уақытта матч тағдыры іс жүзінде шешіліп қойған болатын.
"Астана" құрамындағы ең нәтижелі ойыншы америкалық Маркелл Джонсон болды, ол 25 ұпай жинады. АҚШ өкілі Ти Джей Старкс өзінің есебіне 12 ұпай жазды. Григорий Мотовиловтың еншісінде 10 ұпай, Дэниэл Утомидің 7 ұпайы бар, ал Джеймс Мюррэй-Бойлс, Галин Смит, Данил Походяев және Асқар Майдекиннің әрқайсысы 2 ұпайдан еншіледі.
ВТБ Бірыңғай лигасы. 1-тур
"Астана" — "Нижний Новгород" – 62:90 (12:22, 21:31, 11:19, 18:18).
25 қыркүйекте "Астана" сырт алаңда "Локомотив-Кубань" командасымен ойнайды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52