Астана ВТБ Біріккен лигасындағы сәтсіз сериясын жалғастырды
Сейсенбі, 15 қазанда, “Астана” баскетбол командасы ВТБ Біріккен лигасында жетінші матчын өткізді. Қазақстандықтар “УНИКС” клубымен кездесті.
Ойынның қорытындысы бойынша 81:97 есебімен “УНИКС” жеңіске жетті, ал қазақстандық команда қатарынан 7-ші рет жеңіліске ұшырады.
Алаң иелерінің ең үздік ойыншысы Маркелл Джонсон болды. Ол алаңда 27 минут ойнап, командасы үшін 26 ұпай жинады.
Қазіргі уақытта “Астана” турнирлік кестенің соңғы орнында тұр. Ал Қазан қаласының “УНИКС” командасы лиганың төртінші орнына көтерілді.
ВТБ Біріккен лигасы, 6 қазан
“УНИКС” – “Астана” – 97:81 (15:15, 25:24, 25:27, 32:15)
Астаналық команда келесі ойынын тағы да сырт алаңда өткізеді. Клуб 19 қазанда Самара қаласының “Самара” командасына қонаққа барады. Ойын жергілікті уақытпен 16:00-де басталады.
Теннис
Бүгін 08:52
Басқа спорт түрлері
Бүгін 08:27
Баскетбол
Бүгін 07:08